Жаңалықтар

BUILDING PROPERTY EXPO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНІҢ ЖАҢА КҮНДЕРІ: 2024 ЖЫЛҒЫ 3-5 СӘУІР

Building Property Expo халықаралық құрылыс, девелопмент және ғимараттарды басқару көрмесін ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу күндерінің өзгергені туралы жариялайды. Көрме 2024 жылғы 3 – 5 сәуір аралығында Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.

Бұл қадам халықаралық серіктестермен және негізгі қатысушылармен консультациялар өткізгеннен кейін жасалды. Көрмені өткізу күндерін ауыстыру оқиғаға анағұрлым мұқият және сапалы дайындалуға ықпал етеді. Мұндай көзқарас ұйымдастырушыларға қатысушылар мен қонақтарға ең үздік тәжірибені ұсынуға және көрменің табысты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар кез келген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және барлық мүдделі тараптардың түсіністік танытып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Building Property Expo көрмесінің жаңалықтарын http://bpexpo.kz/ ресми веб-сайтында қадағалап отыруға болады.
Building Property Expo туралы:

Building Property Expo – бұл жаңа іскерлік байланыстарды орнатуға, мәмілелерді жасасуға, инвестицияларды тартуға, өнімдер мен қызметтерді алға жылжытуға, сондай-ақ кәсіпқой мамандарды оқытуға арналған тұғырнама ретінде құрылған көрме. Іс-шара ең жаңа технологияларды, жабдықтар мен материалдарды көрсету, сондай-ақ тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін ұсына отырып, құрылыс саласындағы мамандар мен мүдделі тұлғаларды біріктіреді.

Building Property Expo-ға қатысу жобалау және құрылыс саласындағы мамандар, басқарушы компаниялар, девелоперлер, монтаждау ұйымдары, инсталляторлар мен интеграторлар, сондай-ақ түпкілікті тапсырыс берушілер арасында өнімдер мен қызметтерді ілгерілетудің тиімді құралы болып табылады.
QAZPROPERTY Басқарушы және Сервистік компаниялардың қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және «Астана Экспо КС» көрме компаниясы көрмені ұйымдастырушылар болып табылады.

Баспасөз үшін байланыстар:

Айдана Әділбекова
Маркетинг және PR жөніндегі менеджер
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 203)
M: +7 778 900 29 95
E: aa@astana-expo.com

Көрмеге қатысу үшін байланыстар:

Наталья Леонова
Көрменің жетекшісі
Т: + 7 7172 64 23 23 (ішкі 210)
М: +7 775 333 43 15
Е: nl@astana-expo.com